Талапкерлерге көмек

Құрметті талапкерлер! Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да «ҰБТ пәндері бойынша тегін online РЕПЕТИТОР» тегін ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде сәуір айының 18 жұлдызынан www.ksu.kz сайтының «Талапкерлер 2020» бөлімінде орналастырылған аталған ақпараттық жүйе өз жұмысын бастады.

Бағдарламаға ағымдағы жылдың түлектері, сондай-ақ өткен жылдардың түлектері тіркеле алады. Репетиторлық ҰБТ пәндері бойынша жүзеге асырылады.

Тіркеу үшін талапкер өз мәліметтерін көрсететін өтінімді толтырады. Өтінімді толтыру барысында талапкер репетиторлықтың 4 пәніне дейін таңдай алады.

Өтінімді толтырғаннан кейін талапкердің поштасына кеңес беру уақыты, оқытушы туралы мәліметтер көрсетілген тіркелгені туралы хабарлама келіп түседі. Репетитормен сабақтар zoom. us жүйесі арқылы өтеді.

Барлық тілек білдірушілерді ҰБТ пәндері бойынша білікті мамандардан кеңес алуға шақырамыз!

Бекболат НҮСІПБЕКОВ,
Оқу ісі жөніндегі проректор