Ақпараттық хат

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушыларын, тарих пәні мұғалімдерін, магистранттар мен докторанттарды «Тарих ғылымдарының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Халықаралық қатысушылардың қатысуымен өтетін конференция тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекованың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылады.

Конференция барысында тарих ғылымдарының өзекті мәселелері келесі бағыттар бойынша талқыланады деп жоспарлануда:

  • ХХI ғасыр: тарих ғылымдарының өзекті мәселелері және білім
  • Отандық тарих ғылымындағы тарихи тұлға
  • Күнделікті тарихтың өзекті мәселелері
  • Жаһандану жағдайындағы тарихи сананың жаңғыруы
  • Цифрландыру және цифрлық мәдениет

Конференцияға тарих ғылымының өзекті мәселелерімен айналысатын қазақстандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді.

Басталуы: сағ.10.00.

Конференция материалдары ISBN беріліп, қағаз және электронды түрде басылып шығады.

Конференцияға қатысушының тіркелу туралы өтініші мен баяндамасын 2020 жылдың 10 қазанына дейін мына электрондық пошталарға жіберулеріңізді сұраймыз: shotbakovazz@mail.ru; gylnara2005@mail.ru; vkozina55@mail.ru; amrina.minar@mail.ru

Байланыстар:

87015427474 – Шотбақова Ләззат Қасымқызы,

87014894448 — Смағұлова Гүлнара Мұратбекқызы,

87015625642 – Козина Валерия Викторовна;

87011609053 – Амрина Минара Сапарқызы.

Өтініштер тіркелгеннен кейін қашықтықтан өткізілетін дөңгелек үстел жұмысына қатысу туралы нұсқау және дөңгелек үстел бағдарламасы жіберіледі

Мақаланы рәсімдеу:

Мақала қазақ, орыс тілдерінде 6 бетке дейін қабылданады. Формат – А4. Шрифт — Times New, Times New Roman KZ немесе KZ Times New Roman. Шрифт көлемі –12; аралық интервал – 1,0; мәтіннің жоғары және төмен жағынан 2,0 см., сол жағы – 3 см., оң жағы 1 см. Азат жол – 1,25 см. Сілтемелердің номері мәтіннің ішінде квадрат жақшамен беріледі (үлгі [1, б. 646]), ал сілтемелер мәтіннің соңында беріледі.

Электрондық сілтемелерді қолданбаңыздар.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

«МӘДЕНИ МҰРА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

Шотбақова Л.Қ.,т.ғ. к., доцент

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Тіркеу үлгісі

Қатысушының (-дың) аты, жөні, тегі  
Жұмыс немесе оқу орны  
Қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болуына қарай)  
Электрондық пошта  
Байланыс телефоны  
Баяндаманың (мақаланың) тақырыбы  

Ұйымдастыру комитеті