Жылдық жоспар

Жылдық жоспар

Бүгін Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тілін дамыту және латын графикасына аудару орталығында «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығы» КММ-мен 2020 жылға арналған жоспары жасалды.

Жоспарға қазақ жазуының латын графикасына көшуі барысында Қарағанды облысы бойынша көпшілік қауымның жаңа графиканы тиімді үйренуіне баса назар аударатын әртүрлі форматтағы іс-шаралар енгізілді. Бір жылға жасалған жоспарда Абайдың 175 жылдығы мен әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған ұлы ақын мен ұлы ойшылдың еңбектерін насихаттау барысында зияткерлік ойын, «Аудиодиктант жазамыз» атты онлайн-акция, Қарағанды қаласы жоғары оқу орындары студенттері арасында жаңа әліпбимен диктант жазуға арналған «Ең сауатты студент» атты сайыс, «Емле ережесін игерту: жетістіктер мен қиындықтар» тақырыбында семинар-тренинг қамтылған.

Қазақ тілін дамыту және латын графикасына аудару орталығы