Жарайсыңдар!

Жарайсыңдар!

Желтоқсан айында Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен, Республикалық КТА командаларының қатысуымен өткен «Көңілді тапқырлар алаңы» атты Қызылорда орталық лигасының финалдық ойындарында Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің атынан қатысқан «Академик» командасы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі екінші орынды иеленді. Үздік ойын көрсеткені үшін команда Тұрсынбек Қабатовтың «Жоғарғы лига» ойындарына тікелей жолдама алды. Әзіл айтса да, әділ айтқан, ойнап айтса да, ойлап айтқан, әзілсүйер қауымның көзайымына айналған жастарымызға сәттілік тілейміз!

ҚарМУ баспасөз қызметі