Бүгін академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне Clarivate халықаралық компаниясы ресми іссапармен келді.
Компания өкілдері ректор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековті «Top regional ur iversities» номинациясы бойынша «Ғылымның көшбасшысы — Web of Scienc Awards» тәуелсіз марапатымен марапаттады. Сондай-ақ, іс-шара барысында «Университеттегі ғылыми зерттеулер мен журналдардың сапасын арттырудағы Clarivate компаниясының аналитикалық құралдары» тақырыбында семинар өткізілді. Clarivate компаниясының Орталық Азия аймағындағы ресми өкілі Инеш Кенжина атап өткендей, бірлескен күш-жігер мен күтілетін жобалар университеттің ғылыми зерттеулерінің, журналдарының одан әрі дамуына ықпал етеді.
Баспасөз қызметі