Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі

Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұжымы зейнеткерлікке шыққан профессорлық-оқытушылар құрамын, қызметкерлерін, жұмыскерлерін, зейнетке шықса да оқу орнында ұстаздық қызметін жалғастырып жүрген ардагер ұстаздарын Қарттар күнімен құттықтап қайтты. Университет тарапынан 500-ге жуық қартқа қаржылай көмек көрсетілді.

Халқымыз «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген. Өмірден көргені мен көңілге түйгені көп ақылы дариядай үлкендерге сый-құрмет көрсету адамзаттың жазылмаған заңдылығы. Ардақты аталар, ақ жаулықты әжелер, сіздердің университетіміздің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Біз сіздерді ардақтап, құрметтейміз. Сіздердің өмір жолдарыңыз көпке үлгі, өскелең ұрпаққа өнеге. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!