Таза сессия

Таза сессия

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  университетінде «Таза сессия» тақырыбында Ашық есік күндері өтті. Басқарма Төрағасы – Ректор, Университеттің Басқарма мүшелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесті. Ашық алаңға журналистер қауымы да қатысты. Кездесу барысында  кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу жетістіктерін есепке алу және бақылау бағдарламалары; ҚБТ арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған бағдарламалар; университеттің сандық білім беру қызметтері кеңінен айтылып, өзекті мәселелер талқыланды. Университеттің басты ұстанымы – жоғары оқу орнын адалдық алаңына айналдыру. Білім беру жүйесі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, білім алушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік туғызуды көздейді.

Баспасөз қызметі