Семинардың берері мол

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы қазақ тілін дамыту және латын графикасына көшіру орталығымен бірлесіп ZOOM платформасында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша жоғары оқу орны профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында семинар өткізді. Курстың мақсаты – педагогтардың қазақ тілін латын графикасына көшіруде кәсіби теориялық білімін тарату бойынша кәсіби құзіреттілігін дамыту, латын графикасының жаңа әліпби жазуын меңгеру болды. Семинардың барысында педагогтар жаңа әліпбиді меңгерудің кәсіби жолдарын, дұрыс жазуды, сондай-ақ қазақ әліпбиінің фонетикалық және орфогарфиялық жүйесін оқып үйренді.

Г.Қ. БЕЛГІБАЕВА,
Педагогикалық шеберлікті дамыту орталығының жетекшісі, п.ғ. к., доцент