«Салма-Караван» шипажайы

«Салма-Караван» шипажайы

Наурыз айының 20-27 аралығында Қарағанды университетінің отыз қызметкері Сарыағаш курортындағы «Салма-Караван» шипажайында демалып, ем алып қайтты.


Шипажайда түрлі медициналық қызмет түрлері, магнитті-квантты лазер, тубус, аэрозолды ингаляция, парафинді емдеу, тюбаж, микроклизма, минералды ванна сияқты шипалы процедуралар қарастырылған. Осы шипажайда ем қабылдап, демалып келген кәсіподақ комитетінің төрайымы Марина Қабдылқалымқызы: «Шипажай басшылығы, қызметкерлері өте жоғары дәрежеде қонақжайлық танытты. Емдеу-сауықтыру кешені заманауи технологиялармен жабдықталған. Барлық корпустар тап-таза мұнтаздай, тағамы өте дәмді. Жолдама құнына 24 түрлі ем-дом, дәрігерлердің кеңесі кірді. Дәрігерлер, қызметкерлер өз ісінің нағыз мамандары, әр демалушыға жеке-жеке көңіл бөліп, тыңғылықты түсіндірді. Шипажай басшысы Айгүл Айходжаева барлық іс-шараның басы-қасында өзі жүріп, кеңес берді. Әр демалушыға жағдай жасалынған. Спорттық жарыстар, мерекелерге байланысты түрлі іс-шаралар өткізілді. Біз көтеріңкі көңіл-күймен бір аптаның қалай тез өтіп кеткенін байқамадық. «Салма-Караван» емдеу-сауықтыру мекемесін таңдағанымызға өте қуаныштымыз. Шипажай басшылығына, барлық қызметкерлеріне алғыс білдіреміз», — дейді.

Баспасөз қызметі