«Салма-Караван» шипажайы

«Салма-Караван» шипажайы

Бүгін Қарағанды университетінің басшылығы, кәсіподақ комитеті Сарығаштың «Салма-Караван» шипажайында демалып, ем алып қайтуға ниеттенген профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін теміржол вокзалынан сәттілік тілеп шығарып салды. Жоғары оқу орнының 30 қызметкері түс ауа жүрдек пойызбен шырайлы Шымкентке жақсы көңіл-күймен аттанып кетті. Жолға шыққан жолаушыларымызға жол болсын дейміз!

Баспасөз қызметі