Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдер факультеті Ұлы Абай Құнанбайұлы шығармаларының үзінділерін шет тілдеріне (ағылшын, француз, неміс, қытай тілдері) аударудың Халықаралық on-line конкурсын өткізетінін жариялайды.

Байқаудың ұйымдастырушылары – Қарағанды университетінің шетел тілдер факультеті, аударма теориясы мен практикасы кафедрасы

Байқау тілдері: ағылшын, француз, неміс, қытай тілдері.

Аударма тілдері: қазақ, орыс.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

  • Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мұрасын насихаттауға, ақын шығармашылығының ғылыми тұрғыдан талдануына қолдау көрсету.
  • Студенттердің, магистранттардың, профессорлық-оқытушылар құрамының Абай шығармашылығын тереңінен танып зерттеуіне, толық игеруіне ықпал ету
  • Аударма саласындағы болашақ маман-аудармашылардың кәсіби ой-өрісін кеңейтуді ынталандыру.

Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

Байқау қорытындысы бойынша 4 тіл бойынша жеңімпаздар анықталады: ағылшын, француз, неміс, қытай тілдері.

Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

  • аударманың стилистикалық сауаттылығы;
  • аударма тәсілдерінің әртүрлілігі;
  • аударманың стилі мен көркемдік қанықтығы, көркем-мәнерлі құралдардың болуы;
  • грамматикалық, стилистикалық, лексикалық және өзге де қателердің болмауы;
  • түпнұсқаның мәні мен стилін беру дәлдігі;
  • мәтін мен түпнұсқаның бейнелік жүйесін аудару;
  • аударма мәтінінде мағыналық дәлсіздіктер болмауы;
  • сөйлеу және грамматикалық қателердің болмауы;
  • мәдениеттану және елтану ақпаратын меңгеру;
  • қызықты жеке-авторлық шешімдер;
  • ресімдеу талаптарын сақтау.

Байқаудың өткізілу мерзімі

Байқауға қатысу үшін 2020 жылдың 18 қыркүйегіне дейін мына электрондық мекенжайларға жіберу қажет: konkurs_english@bk.ru (ағылшын тілі), konkurs2021@bk.ru(неміс, француз, қытай тілдері) 1-қосымша «қатысушының өтініші» үлгі бойынша жеке файлда конкурсқа қатысуға өтініш жіберілуі тиіс. Өтініште түпнұсқа-мәтіннің тілі (қазақ немесе орыс тілі) және аударма жүзеге асырылатын тіл (ағылшын, неміс, француз, қытай тілдері) көрсетілуі міндетті.

2020 жылдың 18 қыркүйегі мен 20 кыркүйегі аралығында барлық өтініш жіберген қатысушылардың электрондық мекенжайларына аударуға арналған байқау материалдары (Абай Құнанбайұлы шығармаларының үзінділері) жіберілетін болады.

Дайын аудармаларды тапсырудың соңғы мерзімі (2-қосымшада ұсынылған талаптарға сәйкес дайындалған) – 7 қазан, 2020 ж.

Байқау жұмыстары – 2020 жылдың 7 қазанына дейін қабылданады.

Конкурстық комиссияның жұмысы – 2020 жылғы 8 қазаннан 15 қазанға дейін.

Конкурстық комиссияның нәтижелерін жариялау – 2020 жылғы 27 қазан.

Талаптарға сәйкес ұсынылған барлық аудармалар «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы студенттер, магистранттар мен оқытушылардың аудармаларында» жинағы түрінде шығарылады.

Конкурстық материалдарды ұсыну тәртібі

Байқау материалдары тек электронды түрде беріледі.

Жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

MS Word, шрифт-Times New Roman, шрифт өлшемі-14, жоларалық интервал-1, абзацтар бастапқы шегініспен 1,25 см, абзацтар ішінде бір бос орынмен бөлінеді, жолдар барлық жағынан 2,5 см.

Дайын аудармалар келесі электрондық мекенжайларда қабылданады: konkurs_english@bk.ru (ағылшын тілі), konkurs2021@bk.ru (неміс, француз, қытай тілдері), «аударма байқауы» хатының тақырыбы көрсетілген. Хатқа «қатысушының аты-жөні» деп аталатын файл қоса берілуі тиіс. Мысалы: «Иванов И. қатысушының сауалнамасы», «Иванов И. И. аударма мәтіні ағылш-орыс».

Байқауға жіберілген аудармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Байланыс телефондары: 8(7212)770413 — деканат.
Факс: 8(7212)770384.