Құрметті еңбек демалысына шықты

Құрметті еңбек демалысына шықты

Бүгін салтанатты жағдайда Оқу-әдістемелік басқармасының маманы Гүлнара Нығметқызы Сембекованы құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Университет басшылығы Гүлнара Нығметқызына жоғары оқу орнының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіре отырып, саналы ғұмырының жарқын жылдарын қызметке арнаған ардақты ана, асыл әже алдағы уақытта да білім ордасымен байланысты үзбейді деп сенім білдірді.

Біз киелі қарашаңырағымызда ұзақ жыл қызмет еткен Гүлнара Нығметқызына зор денсаулық, отбасына амандық, сарқылмас күш-қуат тілейміз!

Баспасөз қызметі