«Қазақстан Республикасындағы аймақтық жоғары оқу орындарының даму стратегиясы»

«Қазақстан Республикасындағы аймақтық жоғары оқу орындарының даму стратегиясы»

Қарағанды университетінде «Қазақстан Республикасындағы аймақтық жоғары оқу орындарының даму стратегиясы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараға университетіміздің ректоры Нұрлан Дулатбеков, Сүлейман Демирел университетінің ректоры Қуаныш Ерғалиев, Назарбаев Университетінің материалдар мен лазерлік технологияларды жетілдіру зертханасының директоры Жандос Өтеғұлов, Америка Құрама Штаттарының жетекші ғылыми-зерттеу университеттерінің ғалымдары мен докторанттары, соныман қатар академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде елдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым жүйесін әрі қарай дамыту және Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аймақтық университеттерді дамыту стратегиясы бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселелері талқыланды.