Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі

Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі

Бүгін Жастар саясаты басқармасы Студенттік Парламентпен біріге отырып, ZOOM платформасында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинар-тренингке Қарағанды қаласындағы Жастар ресурстық орталығының дін және конфессияаралық қатынастар секторының басшысы Индира Сыздықова, сондай-ақ «Жусан» операциясы барысында Сириядан оралған Қарағанды облысының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Сабинелла Аязбаева қатысты.
Іс-шараның мақсаты студенттердің діни сауаттылығын арттыру, діни мәселелерде сарапшымен сұрақ-жауап ұйымдастыру, діни экстремизм идеялары таралуының алдын алудың заңнамалық әдістерімен танысу. Іс-шараның модераторы – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Жастар саясаты басқармасының маманы, дінтанушы Кәрім Тамерланұлы Марденов.

Жастар саясаты басқармасы