Кезекті жарыс – кезекті жеңіс!

Кезекті жарыс – кезекті жеңіс!

«Маркетинг» мамандығының 2 курс магистранттары жыл сайынғы «ХХІ ғасыр қонақ үйі: Ресейдегі қонақ үй бизнесін дамытудың инновациялық тұжырымдамалары – 2021» тақырыбындағы VII Бүкілресейлік жобалар жарысына қатысты.


Ұйымдастырушы: Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті, Санкт-Петербург қ., Ресей. Коронавирус эпидемиясына байланысты және 2021 жылы іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың денсаулығын сақтау мақсатында Конкурстың барлық кезеңдері онлайн режимінде өткізілді:
1 кезең (іріктеу): 9 наурыз – 9 сәуір, сырттай, конкурстық жұмыстарды ұйымдастыру комитетінің электронды почтасына жіберу арқылы.
2 кезең (ақтық) – Zoom платформасында жобаларды қашықтықтан қорғау. 20 сәуір – 22 сәуір 2021.
Жалпы алғанда жарысқа 24 команда екі бағыт бойынша қатысты – кәсіптік білім беру студенттері және жоғары оқу орындарының студенттері.
«Жоғары білім беру» бағытында қатысқан 15 команданың ішінде Ресей, Ұлыбритания және Қазақстан  студенттерінен тұратын 6 команда ақтық кезеңге жолдама алды.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ командасы «QR-rotel – Pinterest-тегі суреттегідей демалыңыз» жобасын ұсынды.


Қазылар алқасы біздің магистранттардың жұмысын жоғары бағалады және жарыс қорытындысы бойынша команда жүлделі 3 орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Команда құрамы:
Гребенюк Дарья Дмитриевна
Стожарова Кристина Андреевна
Коваль Яна Александровна

Ғылыми жетекшілер:
1. э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, маркетинг кафедрасының меңгерушісі, Цифрлық экономиканы зерттеу институтының директоры- Мамраева Динара Ғабитқызы;
2. э.ғ.м., маркетинг кафедрасының аға оқытушысы – Ташенова Лариса Владимировна

Экономика факультеті