Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының ондығына кірді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үздік қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингісін жасады. Рейтингті құрудың негізгі өлшемшарттары жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін және түлектердің мансаптық болашағын, орташа жалақыны, білім беру бағдарламаларының сапасын және білім алушылардың жетістіктерін, халықаралық қатынастарды қамтиды. Рейтингке қатысқан 108 университеттің ішінен академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының ондығына кірді.