Бүгін Дүниежүзілік тарихшылар күні

Бүгін Дүниежүзілік тарихшылар күні

Бүгін Дүниежүзілік тарихшылар күні. Адамзат баласының өткенін зерттеуге барынша үлес қосып жүрген тарихшылар қауымын айтулы күнмен құттықтаймыз!
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөздің ең ұлысы – тарих», — деген екен. Өткенге көз жүгіртіп, тарихтың қойнауына бойлап, зерттеп, зерделеп, өткеннен сабақ алу арқылы келешекке нық қадам басатынымыз анық. Өткенсіз бүгін, келешек жоқ. Алаш арысы Әлихан Бөкейханның «Егер тарих оқысақ, пайдасы бар істің қандай екенін біліп, соны істемекшіміз! Заралы істен қашпақшымыз! Бұрынғының оңды ісінен үлгі алмақшымыз!
Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз, сөздің бәрі кейінгілерге тарих болып қалады. Бұрынғының тарихы жазылмай қалушы еді, ендігі тарих күні-күніменен жазылып тұрылады. Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.
Тарих – түзу, жөнді үйретуші; тарих түзушіліктің кітабы; тарих тіршілікте жолбасшы дейтініміз осы» деуі де сондықтан.

Баспасөз қызметі