Алғашқы құқықтану магистрі Ж. Ақбаев

Алғашқы құқықтану магистрі Ж. Ақбаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты халыққа жариялаған үндеуі негізінде заң факультетіндегі №317 дәрісханаға алғашқы құқықтану магистрі Ж. Ақбаевтың есімі берілген болатын. Аудиторияның іші Алаш қайраткерлері мен Ж. Ақбаевтың тарихи оқиғаларынан сыр шертетін стендтермен безендірілген.
Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессор Қ.С. Мусин «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері» тақырыбында оқытушыларға баяндама оқып, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер Ж. Ақбаевтың өмірбаянына шолу жасады.

Баспасөз қызметі