«Адамзаттың ғарышты игеруі»

«Адамзаттың ғарышты игеруі»

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Ғарышкерлер күніне орай «Адамзаттың ғарышты игеруі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны «Jas Otan» ЖҚ белсенділері Студенттік Парламент белсенділерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Спикерлер мүмкіндігінше тақырыпты кеңінен ашты. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры С.М. Балмакаев, Жастар саясаты басқармасының бастығы А.Н. Жорабеков және Студенттік Парламенттің үйлестірушісі К.Т. Марденов іс-шараға қонақ ретінде қатысты. Іс-шараға Жастар саясаты басқармасының маманы О.В. Калмыкова модераторлық етті.
«Jas Otan» ЖҚ белсенділері
Таңшолпан Темірқызы Сәдуақас «Үлкен жарылыс теориясы» тақырыбында, Ақылбек Адамбекұлы Ниспек «Гагарин бірінші емес пе?» тақырыбында,
Жайна Берікқызы Оразбаева «Байқоңыр. Қазақстан ғарышкерлері» тақырыбында, Жансая Байғашқызы Бейсенова.


«Планеталар туралы қызықты факт» тақырыбында, Меруерт Тимурқызы Қазыбаева «Наса» тақырыбында баяндама, ал Студенттік Парламенттің белсенділері Асылбек Мұратұлы Амангелді «Илон Маск» тақырыбында, Бекзат Бейбітұлы Ахыбаев «Адамзаттың ғарышқа ұшуының артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында баяндама оқыды.

Жастар саясаты басқармасы