Көңілде қимастық сезім…

Көңілде қимастық сезім…

Арманы бар жандар өмірдің небір қатпарларынан қапаланбай өтіп, сын сағаттарда сағы сынбай, кемел келешекке аяқ басар жолда нық қадамдар жасауға қабілетті. Жүрек түпкірін мекендейтін бұл асыл сезім жетегіне ергендердің қатарында біз де бармыз. Себебі, журналистика атты әлемге махаббатсыз келу мүмкін емес…

Болашақтың бағдарын бағамдауға ұмтылып жүргенде сағымдай көрінген арманымызға қалай жеткенімізді де ұқпай қалыппыз. Күні кеше ғана екі көзіміз бадырайып 13 дәрісханаға кіргеніміз есте. Ал бүгін дәл осында іс-тәжірибеміздің соңғы есебін тапсыру бұйырыпты. Иә, төрт жылымыз төрт күндей зымырады десек те уақыт қай-қайсымызды болсын өзгерткені анық.

Әдетте, үлкен өмірге қанат қағу деп студенттік шаққа аяқ басуды атаушы еді. Ал мен үшін үлкен өмір студенттікті аттағаннан кейін ғана басталатын секілді. Не де болса, барлықтарыңа сәттілік тілеймін! Қаламдарың қарымды, жүректерің жалынды болсын, достар! Ең бастысы, армандарыңнан ешқашан бас тартпаңдар!

Дана АЛИЕВА,
ҚарМУ студенті