«Өмір сүргім келеді»

«Өмір сүргім келеді»

Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі.

Жақында филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып жүрген бірінші курс студенттерінің атсалысуымен «Өмір сүргім келеді» қайырымдылық концерті өтті. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жанар Рүстемованың жетекшілік етуімен КО-12 тобының студенттері, факультеттің өзге де белсенді жастары осы іс-шараның сәтті өтуіне бар өнерін салды. Ана мен бала, махаббат тақырыбында өлеңдер оқылып, ән шырқалып, күй тартылды. Айтулы ізгі шараның бас ұйымдастырушысы Ақбота Шодырованың жүрекпен айтқан әндері тыңдарманның жүрек қылын тербегені рас. Әсіресе анасымен дуэтте орындаған әндері.

Жастарымыздың жүрегінің кеңдігі, қамыққанды қуантып, жылағанды жұбатып, мұқтаж жандарға көмек беріп, жақсылық жасауға ұмтылғандары көңілге қуаныш ұялатты. Ең бастысы, жанашырлық, аяушылық, аялаушылық сезімі бар бойларында. Бұл ең ізгі адами қасиет. Науқас баланың денсаулығына бей-жай қарамай, жанашырлық танытып, оның сауығып кетуіне аз да болса үлес қосуға ұмтылыс жасап, «жақсылықтан құр қалмайық!» деп үндеу тастаған студенттерімізге ізгі істері сауаптан болсын дейміз.

Журналистика кафедрасы