Жақсылық әлемді нұрландырады

Жақсылық әлемді нұрландырады

Жалпы, қазіргі таңда Қазақстанда қайырымдылық қорларының қатары кеңейіп келеді. Осыған қарап-ақ жұртшылықтың көңілінде мейірімділік сезімінің артып бара жатқанын аңғарамыз. Олардың қатарында жастардың көптігі қуанышты жағдай. Бұл өте керемет, бос уақытын пайдасыз дүниелерге кетірмей, ізгілік жолын ұстанып жатқандығы көңілге жылу ұялатады. Дәл сондай ізгілік жаршысы ретінде «Шапағат» қайырымдылық қорын жатқызуымызға болады. 2019 жылы тұсауы кесілген бұл ұйымның қалай құрылғаны, қазіргі жай-күйі жайлы «Шапағат» қайырымдылық қорының президенті Айзада Амантай: «Жақсылық — айналаға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Жалындап тұрған мектеп кезiмiзде сыныптастарымызбен жиналып, жағдайы тɵмен отбасыларға кɵмек кɵрсетейiк деп шештiк. Ең алғашқы күнi бiрден екi отбасыны азық-түлiкпен қамтамасыз етiп қайттық. Қуанышымызда шек жоқ! Бiреуге жылу сыйлау сондай керемет сезiм! Одан кейiн қарттар үйiне барып мерекелiк концерт қойдық. Осы iс-шарадан соң жұмысымыз əлсiрей бастады. Ол кезде қордың атауын ɵзiм «ШАПАҒАТ» деп қойсам да, қорда 3 басшы болатынбыз. Бiрнеше ай үнсiздiктен кейiн қордың тiзгiнiн ɵз қолыма аламын деп шештiм. Балалық арманым орындалды! Сол уақыттан бастап қорды облыс деңгейiндегi қорлармен салыстырып, сол жандар кɵрсеткен жетiстiктерге жетудi мақсат ететiнмiн. Нақты жоспарлар қойылған соң бiрiге жүрiп əрекетке кiрiстiк. Ерiктiлер жинадық, жарнама жасадық жəне мешiттерде, университет пен мектептерде қайырымдылық жəрмеңкелерiн ɵткiзе бастадық. Қиындық болмады дей алмаймыз. Əрдайым не нəрсенiң болсын бастамасы қиын. Демеушiлердiң жетiспеуi, ерiктiлердiң жауапкершiлiксiздiгi, қордағы қаражаттың аздығы… Бұл жақсылық жолы болғанымен қуанышы мен қайғысын бiрге алып жүрдi. Сол сəтте ештеңеге мойымай, ɵздерiн бастап келе жатқан, ɵздерiнен кiшкентай қаршадай қызға сенiп, қолдау кɵрсетiп, еңбек еткен ерiктiлерiме ерекше ықыласым зор. Жалғыз ɵзiм ешнəрсеге қол жеткiзе алмасым анық. Қаншалық жақсылық жасағым келсе де айналамда ойымыз бен мақсатымыз бiр жандар болмаса, бұндай жетiстiкке жете алмас едiк! Қазiргi кезде Қарағанды қаласындағы қайырымдылық қорларының арасында ойып тұрып орын алған ұйымбыз. Кɵпбалалы, жалғызбасты, жағдайы тɵмен отбасыларды азық-түлiкпен қамтамасыз етемiз. Науқас сəбилердiң ем-шарасына, дəрi-дəрмегiне қажеттi қаражатты жинап беремiз. Қарттар үйiнде, балалар үйiнде мерекелiк концерттер қойып, кɵңiлдерiн кɵтеремiз. Түрлi қайырымдылық жəрмеңкелер мен iс-шараларды ɵткiзiп, қаражатын игi iстерге жұмсаймыз. Қысқаша айтқанда, əрқайсымыз жүрегiмiздегi мейiрiм шапағатын сол махаббатқа мұқтаж жандарға тɵгемiз. Жақсылық жасау, қайырымдылықпен айналысу бізге бір қиын секілді көрінеді. Ол үшін арнайы уақыт бөліп, өзге дүниенің бəрiн ұмытуға тура келетiн секiлдi. Ал кейде тіпті жақсылықтың қайтарымын, бағалануын күтеміз. Жақсылық жасап жарысайық дегім келеді», — дейді.

Қазіргі таңда «Шапағат» қайрымдылық қорында 30-дан аса ерікті жастар ізгі істермен шұғылданады. Оның ішінде Қарағанды университетінің де студенттері бар. Бұл ұйымның қызмет аясы кеңейіп келеді. Игі амалдар әлемді нұрландырады, ізгілік жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға қашанда тілекшіміз.

Ислам ТҰРСЫНҚҰЛ,
химия факультетінің 2 курс студенті