ҚарМУ құрама командасы топ жарды

ҚарМУ құрама командасы топ жарды

Қарағанды облысы әкімінің жүлделеріне арналған студенттер арасындағы XІV облыстық спартакиада ақпан айының 27 жұлдызынан 6 наурызға дейін жалғасты. Аймағымыздың 8 жоғары оқу орнының атынан сайысқа түскен сайыскерлер спорттың 13 түрінен бақ сынасты. Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ құрама командасы қысқы президенттік көпсайыс, коньки тебу спорты, шаңғы жарысы (эстафета), қазақ күресі, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, асық ату, волейбол (ерлер арасында), баскетбол (қыздар арасында), жеңіл атлетика сынды спорт түрлерінен 1 орынды, ал баскетбол (ерлер арасында) мен шашкиден 2 орынды иеленді. Волейболдан (қыздар) ҚарМУ құрама командасы 3 орынға тұрақтады. Жалпыкомандалық есепте ҚарМУ құрама командасы 232 ұпай жинап, екінші орын иегері атанған ҚарМТУ құрама командасынан 39 ұпай айырмашылығымен алға озып, спартакиаданың жеңімпазы ретінде танылды. Топ жарған ҚарМУ құрама командасын жеңісімен құттықтаймыз!

ҚарМУ баспасөз қызметі