Дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті

Дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті

ҚарМУ-да өткен жиырма күнге созылған тартысты бәйге өз мәресіне жетті. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері сайысқа түскен ректор кубогына арналған дәстүрлі «Сергектік және денсаулық» спартакиадасына 6 ерлер, 7 әйелдер командасы, жалпы саны 435 адам қатысты.

Ректорат пен факультеттердің намысын қорғап келген қатысушылар шахмат, волейбол, теннис, шаңғымен сырғанау сынды сайыс түрлерінен сынға түсіп, тартысты ойын көрсетті. Жоғары ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте жоғары көрсеткіш көрсеткен ректораттың «РСК» командасы 1 орынды жеңіп алды. Екінші орынды дене мәдениеті және спорт факультетінің «Барыс» командасы, ал жүлделі 3 орынды филология факультеті мен философия және психология факультетінің атынан шыққан «Сарыарқа» командасы иеленді. Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға ақшалай сыйақы, естелік сыйлықтар табысталды.

ҚарМУ баспасөз қызметі