Қашықтықтан оқыту технологиясының ерекшеліктері

Қашықтықтан оқыту технологиясының ерекшеліктері

Бүгінгі таңда өмірімізді қоғамның барлық саласында қолданылатын ақпараттық және коммуникациялық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялармен қажетті деңгейде қамтамасыздандырылғандықтан, олардың көмегімен қашықтықтан оқытуды тиімді жүзеге асыруға болады.

2019-2020 оқу жылынан бастап колледж (3 жылдық) және бірінші жоғары білімі бар (2 жылдық) күндізгі бөлім студенттері Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып білім алуда.

Аталған студенттер жылдың басынан бастап қашықтықтан оқытудың idl. ksu. kz білім беру порталында бекітілген оқу кестесі бойынша онлайн және офлайн режимде сабақтарға қатысып келеді (2 семестр 3 ақпаннан басталған).

2020 жылдың 25 мамырынан 13 маусым аралығында қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып оқитын күндізгі бөлімнің 1 курс студенттері үшін көктемгі қорытынды бақылау жүргізіледі. Қорытынды бақылау idl. ksu. kz қашықтықтан оқыту сайтында және Zoom. us платформасында ұйымдастырылады. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулық дайындалған. Студенттер үшін қорытынды бақылаудың өткізілу барысы туралы ақпарат онлайн режимде 15 мамыр күні сағат 17.00 қазақ топтары үшін @kargu_idl, ал орыс топтары үшін @idlksuonline1 инстаграмм парақшасында жүргізіледі.

Оқу ісі жөніндегі проректор профессор Нүсіпбеков Б. Р.