Ректордың  Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарына бір апталық сапары басталды

Ректордың Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарына бір апталық сапары басталды

12-17 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтің Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарына бір апталық сапары басталды. Іссапардың алғашқы күнінде Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры Конгратбой Авезимбетович Шариповпен келіссөздер жүргізіп, университеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Н.О. Дулатбеков осы жоғары оқу орнының магистранттары, докторанттарымен кездесіп, дәріс оқыды және де ТМЭУ-дың білім беру саласындағы құрылымдық бөлімшелерімен, инновациялық қызметімен танысты.
13 сәуір – іссапардың екінші күнінде ТМЭУ-дың басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесу өтті. Кездесуде ТМЭУ ректоры К.А.Шарипов, ҚарУ ректоры Н.О. Дулатбеков сөз сөйледі, университеттер туралы презентация материалдары ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі университет арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жиын ZOOM форматында өтіп, Қарағанды университеті тарапынан стратегиялық даму жөніндегі проректор Б.А. Жетпісбаева, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Е.М. Тажбаев, академиялық мәселелер бойынша проректор Б.Р. Нүсіпбеков, сонымен қатар экономика факультетінің ұжымы да қатысты.


Баспасөз қызметі