«Ұлағат» ұлылықты ұлықтайды

«Ұлағат» ұлылықты ұлықтайды

«Ұлағат» — жаңа орта, жаңа дос табуға, дұрыс жетіліп өсуіңізге, қоғаммен байланыс орнатуыңызға жол ашады. «Ұлағат» — ұлағатты жандардың шығармашыл ордасы.

«Ұлағат» шығармашыл жастар клубы 2017 жылдың қараша айынан бастап Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының жанынан өз жұмысын бастаған болатын. Басы-қасында Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Марғұлан Уәли, ақын-жазушылар одағының мүшесі Қайрат Асқар, ақын, 2018 жылдың үздік ақыны Ерік Нарын сынды ағаларымыз бар. Біздің клубтың мақсаты: шығармашыл жастарды бір ортаға тоғыстыру, шығармашылыққа қадам басқан жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз әдеби ортамызды қалыптастыру. Сонымен қатар, жастардың әдебиетке, поэзияға қызығушылығын арттыру.

«Ұлағат» шығармашыл жастар клубына мүше болғыңыз келсе, шығармашыл жандармен ортаңызды толықтырғыңыз келсе, бізге келіңіз! Әр жұма сайын сағат 16.00-де біз сізді күтеміз: Құрылысшылар даңғылы 4, «GOOD ZONE» КОВОРКИНГ орталығы.

Бектас БАҚЫТҰЛЫ,
«Ұлағат» шығармашыл жастар клубының жетекшісі, ҚарМУ студенті