«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі»

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл департаментінің ақпараттық-ағарту штабы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультетімен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен өткен онлайн кездесуде Antikor Qaragandy ақпараттық-ағарту штабының мүшесі, қоғам қайраткері, саясаттанушы Серік Мұстафин сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Қ.С. Мусин, сонымен қатар аталған кафедраның профессоры А.В. Турлаевтың баяндамалары тыңдалды. Ашық форматта өткен кездесуде студенттер де бейжайлық танытпай, пікірталасқа белсене араласып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өздерінің көзқарастарын ашық жеткізе білді. Бұның өзі парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған шаралар нәтижесінің айқын көрінісі болғандай.

Заң факультеті