«Book & Chill» оқырмандар ұйымы

«Book & Chill» оқырмандар ұйымы

Сәуірдің 13 күні «Jas Otan» ЖҚ белсенділері «Book & Chill» оқырмандар ұйымын ашты. Ашылу салтанатына 30 шақты адам қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен және кітаптар мен фильмдердің жанрларымен бөлісті. Ашылу барысында қатысушылармен Н. Спаркстың «Спеши любить» кітабы талқыланды. Содан кейін кітаптың фильмі көрсетілімге ұсынылды.
Қатысушыларға үй тапсырмасы берілді, яғни 20 сәуірде өтетін оқырмандардың кезекті жиналысында кітапты оқып, кітап пен фильмнің айырмашылығын табады
«Book & Chill» әр сейсенбі сайын сағат 14:00-17:00 аралығында «Жастар орталығында» ( 3-4 жатақхана арасында) өтеді.
Біздің оқырмандар ұйымына қосылғыңыз келсе, төменде көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз.
Айнұр: 87074317583

Жастар саясаты басқармасы