«Атадан қалған – домбыра»

«Атадан қалған – домбыра»

Бүгін «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Студенттер үйі» мен заң факультетінің ұйымдастыруымен «Jastar» орталығында «Атадан қалған – домбыра» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешке университет қызметкерлері, студенттер қатысты.

Кеш шымылдығын университетіміздің қызметкерлерді басқару бөлімінің инспекторы Балжан Серікбол мен заң факультетінің 1 курс студенті Әділхан Саят ашып берді. Экономика факультетінің 1 курс студенті Толқын Сағат әсем күйімен кештің көркін қыздыра түссе, «Студенттер үйінің» қызметкері Бектас Жұман қазақтың қара домбырасын тілге тиек етіп кереметтей өлең оқыды. Кеш барысында қазақтың күйлері мен оның орындаушылары жайлы ақпарат берілді. Кеш қонағы дене мәдениеті және спорт факультетінің аға оқытушысы Бақдәулет Тілеубек көрермендердің құрметіне әуелете ән шырқады. Университетімізде өткен «Күй тартыс – 2020» байқауының жүлдегерлері Нұрасыл Тұрмағанбетов пен Әділхан Саят кешті күй тартыспен қорытындылады.


Кеш модераторы әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент маманы Еркежан Жұмажан іс-шара жоғары деңгейде өтті дейді.

Студенттер үйі