Ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды

Ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды

Сәрсенбінің сәтті күнінде білім ордамызға Сулейман Демирел университетінен делегация келді.

Сулейман Демирел университетінің ректоры Қ.А. Ерғалиев, жоғары оқу орнының әкімшілік істер жөніндегі проректоры А. Кочак, педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Т.З. Жүсіпбек Қарағанды университетінің ректоры Н.О. Дулатбековтің қабылдауында болды. Жылы жүздесуден кейін құрметті қонақтар шетел тілдер факультетінде орын алған салтанатты іс-шараға қатысты. Факультетте ашылған жаңа оқу дәрісханасының тұсауын Қуаныш Асылханұлы мен Али Кочак кесті. Ең басты жаңалық — салтанатты жиын барысында Сулейман Демирел атындағы университеттің басшысы Қуаныш Ерғалиев пен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков екі жоғары оқу орны арасындағы өзара ынтымақтастық келісімшартына қол қойды.

Баспасөз қызметі