Ақжарма ақ тілек

Ақжарма ақ тілек

Асия Төлегенқызы Қалиева, Қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы:

Құрметті әріптестер!Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге келіп жеткен жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз!

Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!

Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспіз!

Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа жыл құтты болсын! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болғай, жақындарымыз аман жүрсін. Келер жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айырылмасын!