Жүрегімнің түбіндегі сырымды,
Орамалдың кестесінен ұғып ал…

Қайнаған қызу тірлік ортасында жүріп, көк кимешекті аспанның астында ұзақ ойға кеттім. Алдымнан ақ орамал таққан әп-әдемі жеңгей өте шықты. Ойымда «Қыз Жібек» әні шырқала бастады: «Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугәй-әгугәй»… Бір кездері биші қыздар тобында жүріп осы әнге билегенде бұл сөздерге қалай мән бермегеніме таң қалдым.

Continue Reading

Түлектен тілек

Мен ол кездегі академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне республикалық олимпиаданың алтын медаль иегері болып түскен шағым еді. Университет қабырғасы жеке басымның тұлға болып қалыптасуына қолынан келген жақсылықты жасады. Студенттер мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі болдым. Сол үшін аталған ошақта қызмет атқарған әр адамға шәкірттік алғысым жанымның тереңінде.

Continue Reading

Ақырын жүріп, анық бас…

«Ұстаз болу — ұлық емес, ұлы қызмет» деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы тегін айтпаса керек. Оқу орнында қызмет атқарып жүрген ұстаздар қауымының қауырт тірлігін, жандарына жалау еткен жауапкершілікті студенттердің сезініп, оқытушылықтың қиындығы мен қызығын көргені абзал. Бұл мақсатта жыл сайын университте өтетін «Өзін-өзі басқару» күні филология факультетін де айналып өтпеді.

Continue Reading

«Алашқа темірқазық — хакім Абай» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы

Қарағанды облыстық сотының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 05 наурызында сағат 10:00-да Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Алашқа темірқазық — хакім Абай» атты жас ақындардың қалалық жыр мүшәйрасы Қарағанда облыстық соты ғимаратының мәжіліс залында өткізіледі.

Continue Reading

«Қазақ тілі: тыңдалым және сөйлесім әрекеттерін меңгертудегі әдістер»

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филология факультетінің қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы 29 ақпанда «Қазақ тілі: тыңдалым және сөйлесім әрекеттерін меңгертудегі әдістер» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өткізеді. Семинарға Қарағанды қаласындағы колледж, мектеп, лицей, гимназия мұғалімдері шақырылады.

Continue Reading

«Әбу Насыр Әл-Фараби — даналық діңгегі»

21 ақпанда академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері арасында «Әбу Насыр әл-Фараби — даналық діңгегі» атты шығармашылық байқау өткізіледі.

Continue Reading

Ақпараттық хат

Құрметті мектеп мұғалімдері мен оқушылар! Сіздерді үстіміздегі жылдың 29 ақпанында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін облыстық олимпиадаға шақырамыз. Олимпиадаға қазақ және орыс мектептерінен 10 сынып (мектепішілік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген олимпиаданың 1-2 орын жеңімпаздары) және төртінші пән ретінде қазақ әдебиеті пәнін таңдаған 11 сынып оқушылары шақырылады.

Continue Reading

Болар елдің баласы…

Жақында Қарағанды мемлекеттік университеті Студенттік Парламентінің ХІІ шақырылымының депутаттары бас қосты. Олар алдағы уақытта факультеттерінде орын алған мәселелерді шешуге, сонымен қатар университетіміздің гүлденуіне атсалыспақ. Халқымыз «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген. Біз депутаттық мандатты алған жастарымыз сенімге селкеу түсірмей, осы аталы сөзді бойтұмар етіп ұстанса дейміз. «Болам деген баланың бетін қақпай, белін буған» халықпыз, үлкен жауапкершілікті арқалаған ұл-қызға ақ жол тілеп, ақ тілек арнадық. Сенім артқан, дауыс беріп, сайлаған Студенттік Парламенттің жаңа құрамы жайлы білгіңіз келсе, әрі қарай оқыңыз.

Continue Reading

Кинодан қашқан бесеу

Біздің интернат Жасыбай кинотеатрының дәл іргесінде орналасқан. Баянауылда не қызық бар дейсің, бар қызығымыз осы ғимарат. Ол кездің суретшілері шебердің шебері ғой. Театр алдындағы афишаға алдағы уақытта болатын фильм, мультиктердің атауы мен эпизод көрінісін майлы бояумен салып қоятын. Мысалы, Жан-Клод Ван Дамм киносы жүретін болса, оның жұдырығы соғып, ал аяғы теуіп жататын холст бетінде суреті пайда болады. Жарнамасы интернаттың дәл іргесінде ілініп тұрғасын киноға қалай бармайсың?

Continue Reading

Состоялась встреча молодежи с воинами-афганцами

15 февраля — День вывода советских войск из Афганистана. Для кого-то это праздник, а для кого-то день памяти и скорби по погибшим воинам-интернационалистам.

Continue Reading

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»

Қара өлеңнің қара шаңырағы академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты жыр мүшәйрасы өтті. Топқа түскен жүйріктер де аз болмады. Қатысушылардың әрқайсысы да жеңімпаз. Абай шығармаларын дәріптеу арқылы студенттер санасындағы рухани құндылықтарды еселей алғандай болдық. Бұл ұлы ақынға деген шексіз құрметіміздің дәлелі. Хәкім болған пәлсапашы Абай Құнанбайұлына арналған айтулы үлкен іс-шаралар әлі талай өтері сөзсіз. Олай болса, барынша белсенді болайық! Абай мұрасын болашаққа жеткізер бізбіз.

Continue Reading

Айбынды ағалар

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні. Білім ордасы осы бір айтулы күнді атаусыз қалдырған емес. Әсіресе Жастар ісі жөніндегі комитет ерлікті дәріптеп, еріне тағзым етуді мақсат еткен мұндай іс-шараны өткізуді бірнеше жылдан бері игі дәстүрге айналдырған. Биыл да сол үрдіс өз жалғасымын тапты. ҚарМУ жастары «Жастар орталығында» Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.

Continue Reading

Абай Кунанбаев – символ духовности и культуры

Статья Президента Касым-Жомарта Токаева «Абай и Казахстан в XXI веке», посвященная 175-летию со дня рождения великого казахского поэта, мыслителя, просветителя, переводчика, композитора и основателя новой литературы казахского народа, оставившего неизгладимый след в истории развития Казахстана, вызвала живой отклик в казахстанском обществе. Слова Абая – это слова, обращенные в будущее.

Continue Reading

«Бір кітап — бір әлем»

Жыл ағымындағы 14 ақпан «Халықаралық кітап сыйлау күні». Бұрындары осы күнді «Әулие Валентин» деуші еді. Қазір ол күн ұмыт болып, асыл қазына — кітапқа көңіл бөлінді. Бүгінгі «дайын асқа тік қасық» дейтін технология заманында, ғаламтор арбаған дәуірде рухани азықтың ең алғашқы қарлығашы — кітаптың құны түсіп, оқылмайтын сәтте, әрине, аталмыш күннің қоғамдық маңызы өте зор болса керек.

Continue Reading

Конкурс юных патриотов

На факультете физической культуры и спорта КарГУ им. академика Е.А. Букетова прошла XI городская предметная олимпиада по начальной военной подготовке среди школьников. В традиционном конкурсе, организованном в рамках программы "Рухани жаңғыру", приняли участие 15 лучших школ Караганды.

Continue Reading

Жаңа құрам жасақталды

Күні кеше Қарағанды мемлекеттік университетінің Студенттік Парламенті жаңа құраммен өз жұмысын бастады. ХІІ шақырылымның алғашқы сессиясында басым дауыс жинап, өз факультетінің сеніміне ие болған студенттерімізге құқығы мен өкілеттігін куәландыратын көк куәлік берілді.

Continue Reading

Өлеңді сүйгем…

Жасымнан қазақтың қара өлеңін жаным сүйді, әсіресе айтысты. Отбасымызбен отырып тыңдайтынымыз айтыс болды. Сондықтан айтыскер ақындардың көбісін өмірде танымасам да өнерде таныдым. Оларға қатты еліктедім, тіпті айтыстарын жатқа біліп алдым. Кең жайлауда қой жайып, ат үстінде жүргенде өзіммен-өзім айтысып, біресе Ержанат Байқабайұлы боп, біресе Сара Тоқтамысова боп, олардың айтыстағы айтқандарын жатқа айтып, керемет қыз бен жігіт айтысын жасап салушы едім. Өкініштісі, оны тыңдайтын да, көретін де тек өзім. Одан шыға жазба ақындарға ауыстым. Абайды, Шәкәрімді, Мұқағалиды, Фаризаны сүйіп оқыдым. Кей күні таңғы төртке дейін өлең оқып, өлеңнің әдемі әлемінен шыға алмай, таңды аттыратын да кездерім болды. Киіз үйде таң атқанша өз еркіңмен кітап оқып жату өте үлкен дау туғызатын. Көп бөлме жоқ, жарық та жоқ. Май шамның майы біткенше көз майымды тауысып кітап оқитынмын.

Continue Reading

Абай және тарих

Абай қазақ тарихына байланысты көптеген ой-пікірлерін білдірген. Соның бірі — «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» еңбегін жазған. Яғни, қазақ халқының шығу тарихын Абай ең бірінші рет бастаған. Абай ер жетіп, ел ісіне араласқан дәуір — рушылдық идеологияның, патша өкіметінің отаршылдық «бөліп ал да билей бер» саясатының ықпалымен өршіген кезі. ХІХ ғ. ІІ жартысында Қазақстанда капиталистік қарым-қатынас қалыптасып, жаңа империалистік дамудың алғашқы элементтері қалыптаса бастаған. Әр рудың мүддесін ерекше қорғайтын рушылдық идеология басым болды. Отаршыл патша үкіметі рулық идеологияны өз мүдделеріне пайдаланды. Осындай ескі феодалдық және капиталистік дәуірдің қиылысында өмір сүрген жеке дара тұлға ретінде Абай шығармаларында дәуірдің объективтік бейнесі — қоғамдық қарым-қатынас, қазақ тұрмысы сол дәуірдің дерегі ретінде бейнеленді. Бірақ та Абайдың халық мүддесі үшін жүргізген ағартушылық іс-әрекеті рушылдық болып бағаланды.

Continue Reading