«Casual Buketov — 2021» PR декадасы

Жақында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-нан хабарлама келді. Хабарламада «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ-ның тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) тіркеу туралы шешім қабылданды!» деп жазылған. Осы ақжолтай хабарды университет ұжымы, оның ішінде жаңа логотипті әзірлеуге атсалысқан жобалық топ асыға күткен еді…

Continue Reading

Жақсы демалыс — жанға шипа

Жыл басынан бері оқытушылар мен қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында жақсы іс-шара қолға алынған болатын, ол — шипажайларға жолдамалар беру. Жұмыспен қатар, жақсы демалу адам ағзасы мен оның жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне оң әсер береді. Осы мақсатта академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің басшылығы мен Кәсіподақ комитеті профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне, яғни 35 адамға жаз айында Алакөлге демалуға кезекті жолдаманы берді. Оқытушылар мен қызметкерлер Алакөлде Ақши стансасының «Жетісу» пансионатына орналасып, ұжыммен бірге өте жақсы демалысын өткізді.

Continue Reading

Әр қадам мақсатқа жетелейді

Адамзат баласына өлшеусіз мұра қалдырған танымал ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, археолог, шығыстанушы, географ, философ Еуропа мен Азияны, батыс пен шығысты жақындастыра зерттеген. Елорданың төрінде орналасқан маңдайалды жоғары оқу орнына ұлы тұлғаның есімінің берілуі -- Лев Николаевич Гумилевтің еңбегінің бағалануы.

Continue Reading

«Өрісі кең ғалым – ұлағатты ұстаз»

Қарағанды университетінде Қазақ ССР ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-нің ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орымбек Ахметбекұлы Жәутіковтің 110 жылдығына орай «Өрісі кең ғалым – ұлағатты ұстаз» атты дөңгелек үстел өтті.

Continue Reading

Алғашқы құқықтану магистрі Ж. Ақбаев

Бүгін 31 мамыр -- саяси қуғын-сүргін құрбандарын және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты халыққа жариялаған үндеуі негізінде заң факультетіндегі №317 дәрісханасына алғашқы құқықтану магистрі Ж. Ақбаевтың есімі берілді. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессор Қ.С. Мусин «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері» тақырыбында оқытушыларға баяндама оқып, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер Ж. Ақбаевтың өмірбаянына шолу жасады.

Continue Reading

«Жастар және мәдениет: театр мен музыка»

Әлеуметтік мәселелер Департаменті Студенттер сарайымен біріге отырып, университет басшылығының қолдауымен жастарға еліміздің сан түрлі мәдени-рухани құндылықтарын спектакльдер, музыкалық кештер, концерттер арқылы таныстыруға бағытталған "Жастар және мәдениет: Театр мен музыка" жобасын бастады.

Continue Reading

«Кел, қазақша сөйлесейік» клубына қосыл

Тіл - халықтың тірегі, жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, рух, салт-дәстүр, еңбек жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде еркін сөйлеп, дамытып, атадан балаға мирас ретінде қалдыруға міндетті. Тіл жойылса, халық жойылады. Халық жойылса, мемлекет жойылады. Сол себепті Елбасымыз: «Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз» деп үндеу тастаған болатын. Әр облыста осы елбасымыз салып берген сара жол бойынша мемлекеттік тілді дамыту мақсатында клубтар ашыла бастады. Жақында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде де қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі Бақыт Айтбаеваның бастамасымен ZOOM платформасында «Кел, қазақша сөйлесейік!» клубы өз жұмысын бастады.

Continue Reading

«Бейбітшілік – ел тілегі»

Сәуірдің 28, 29 күндерінде «Танымдық керуен» жобасы аясында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарихына арналған музейде 1 мамыр - халықтардостығы күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі» атты танымдық экскурсиялар өткізілді. "Ынтымақ, бірлік жарасқан, Мәңгілік ел - Қазақстан!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Continue Reading

«Uni coffee»

Бүгін университетімізде заманауи үлгідегі кофехана өз жұмысын бастады. Жанға жайлы жерде отырып кофе ішкенде бой сергіп, көңіл-күй көтеріліп қалатыны рас. Бүгінде көпшіліктің таңғы асы зейінді жақсартатын бір шыны аяқ экспрессо…

Continue Reading

«Атадан қалған – домбыра»

Бүгін «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Студенттер үйі» мен заң факультетінің ұйымдастыруымен «Jastar» орталығында «Атадан қалған – домбыра» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешке университет қызметкерлері, студенттер қатысты. Кеш шымылдығын университетіміздің қызметкерлерді…

Continue Reading

«Педагогикалық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша магистранттардың республикалық олимпиадасы

Сәуір айында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «7М01-Педагогикалық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша магистранттардың республикалық олимпиадасы онлайн форматта өтті.

Continue Reading

Танымдық керуен

Сәуірдің 6, 20, 23-і күндері «Танымдық керуен» жобасы аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарихына арналған музей қызметкерлері мен студенттер Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің музейіне және академик Е. А. Бөкетовтің зиратына барып, рухына тағзым етіп қайтты. Жастар тарихи жерлерден үлкен әсер алды.

Continue Reading

«Сарыарқа Барыстары»

23 апреля 2021 года в городе Караганда прошел областной отборочный турнир по қазақ күресі среди взрослых «Сарыарқа Барысы». Студент группы ФКиС-21(3) Дуйсетай Магди в весовой категории 74 кг занял 2…

Continue Reading

Очередной конкурс — и очередная победа!⠀

Магистранты 2-го года обучения специальности «Маркетинг» приняли участие в ежегодном VII Всероссийском конкурсе (с международным участием) проектов «Гостиница 21 века: инновационные концепции развития гостиничного бизнеса в России – 2021».

Continue Reading

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі» Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл департаментінің ақпараттық-ағарту штабы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультетімен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Continue Reading

«Book & Chill» оқырмандар ұйымы

Сәуірдің 13 күні «Jas Otan» ЖҚ белсенділері «Book & Chill» оқырмандар ұйымын ашты. Ашылу салтанатына 30 шақты адам қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен және кітаптар мен фильмдердің жанрларымен бөлісті. Ашылу барысында қатысушылармен Н. Спаркстың «Спеши любить» кітабы талқыланды. Содан кейін кітаптың фильмі көрсетілімге ұсынылды.

Continue Reading

«Адамзаттың ғарышты игеруі»

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Ғарышкерлер күніне орай «Адамзаттың ғарышты игеруі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны «Jas Otan» ЖҚ белсенділері Студенттік Парламент белсенділерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Continue Reading