Экономиканың ертеңі пандемияға тәуелді

2020 жыл жаңалықтарға бай уақыт болғаны рас. Ең ірі өзгерістер экономика саласында да орын алды. Әлемдік мемлекеттердің экономикасы әлі де қиын-қыстау кезеңді өткеруде. Бұл қашанға дейін жалғаспақ? Алдағы уақытта бізді не күтіп тұр? Қаржы сарапшыларының болжамы қандай? Бұл туралы қаржы саласының маманы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Қаржы» кафедрасының оқытушысы Азамат Жансейітовтан сұрап білдік.

Continue Reading

Журналистің кәсіби этикасы

Жақында Жамбыл облысының Жаңатас қаласында бір үйде бес бірдей баланың қазасы туралы жаңалықтар жария болғанда өрескел этикалық қателік кетті. Олардың суреттерін кең жұртшылық алдында жария ету — журналистік материалға салмақ қоспайды, бірақ қайғыдан қан жұтып отырған отбасының жан жарасын одан әрі ауырлата түседі. Осыдан біраз уақыт бұрын Сәтпаев қаласында педофил ұрлады деген қыз баланың да есімінің жарияланып кетуі қазақстандық журналистердің этикалық стандарттарының төмендеу екендігін көрсетті. Бұл туралы үшінші курстағы ҚЖ 31, 32 топтарына «Журналистің кәсіби этикасы» сабағына қонаққа келген белгілі журналист, «Қазақстан медиасының негізгі принциптері» жобасы консультанттарының бірі Жұлдыз Әбділда айтып берді. Жұлдыз ханым мен студенттердің әңгімесін сұхбат ретінде жариялауды жөн көрдік.

Continue Reading

«Шенеуніктер мен БАҚ манипуляциясы»

Қарағанды университетінің журналистика кафедрасында «Қоғаммен байланыс» мамандығының ашылғанына биыл он жыл толады. Осы уақыт ішінде мамандықты игерген түлектер елдің түкпір-түкпірінде, алыс-жақын шет елде қызмет етіп жатыр.

Continue Reading

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап»

Бүгінгі кейіпкерім Анар Бабағұлованың инстаграм парақшасын оқып отырып, таң қалдым. Өзіне сенген, талап қойып, өзін-өзі дамытуға күш салып жүрген жан екен. Жеті тілді меңгерген. «Бірнеше тілді үйреніп, сол тілдерде сөйлей алу көп адамның арманы. Хәкім Абай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген. Өзіңізге сенсеңіз, еңбек пен ақылды серік етсеңіз, тіл үйрену сіздің де қолдан келеді», — дейді алғыр қыз. Ол болашақ тіл маманы емес, математик.

Continue Reading

В КарГУим. академика Е. А. Букетова прошел конкурс эссе на русском языке для иностранных студентов

Кафедра русского языка и литературы им. Г. А. Мейрамова Карагандинского государственного университета им. Е. А. Букетова совместно с кафедрой русистики и восточнославянских исследований Университета им. Я. Коменского в Братиславе (Словакия) и кафедрой русского языка Чувашского государственного педагогического университета им. И. Я. Яковлева провела международный конкурс эссе на тему «Человеческие ценности в эпоху глобальных катастроф».

Continue Reading

«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»

Сұқбат айдарының бүгінгі қонағы болашағынан зор үміт күттіретін студент, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт – Бектас Бақытұлы Жұман. Ол университетіміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген Студенттік Парламент депутаты. Әрдайым белсенділік пен тұлғалық дамуды бетке ұстаған дарынды жас көптеген байқаулардың жеңімпазы. Атап айтсақ, 2017 жылы «Абай оқулары» облыстық байқауында өз шығармашылығы бойынша 1 орын, облыстық проза байқауының 1 орын иегері, 2018 жылы «Абай оқулары» облыстық байқауында бас жүлде иегері, 2018 жылы республикалық Абай оқуларының лауреаты, 2019 жылы Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасының арнайы жүлде иегері, 2019 жылы Республикалық Қасым оқуларының Гоголь атындағы арнайы жүлде иегері, 2019 жылы «Бұқарекең жырлайды» облыстық жыр мүшәйрасының 2 орын иегері. Спорт саласында да бақ сынап, 2016 жылы қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер атанған.

Continue Reading

Өлең деген өлмейтін асыл мұра

Жанбота Хашқынбайқызы Рамазан, аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Жас ақын» аталымының жүлдегері. Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 1 курс студенті. Филология факультетінің журналистика мамандығында оқиды.

Continue Reading