«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап»
Бүгінгі кейіпкерім Анар Бабағұлованың инстаграм парақшасын оқып отырып, таң қалдым. Өзіне сенген, талап қойып, өзін-өзі дамытуға күш салып жүрген жан екен. Жеті тілді меңгерген. «Бірнеше тілді үйреніп, сол тілдерде сөйлей алу көп адамның арманы. Хәкім Абай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген. Өзіңізге сенсеңіз, еңбек пен ақылды серік етсеңіз, тіл үйрену сіздің де қолдан келеді», — дейді алғыр қыз. Ол болашақ тіл маманы емес, математик.