— Міне, 2021 жыл есік қағып тұр, тағы бір жылды артқа тастап, жақсы ниетпен, зор үмітпен Жаңа жылды қарсы алмақшымыз.
2020 жыл бүкіл әлемді жайлаған пандемиямен басталып, ел басына ауыртпашылық түскені аян. Бірақ мұндай кезеңде де халқымыз жұмыла көтерген жүк жеңіл екендігін көрсете білді. Жаңа күннен, Жаңа жылдан жағымды жаңалық, жарқын сәттер күтетініміз белгілі ғой, сол себептен де әрбір отбасын, әрбір мекемен ұжымын, соның ішінде өзіміздің қара шаңырақ Қарағанды университеті ұжымын құттықтай отырып, келе жатқан Сиыр жылы берекелі, табысты болсын деп тілеймін!