Филология факультетіне артылған сенім – ұлттық руханиятқа деген жанашырлық
Тіл мен әдебиетті оқу арқылы адамзат баласы өзіне таусылмас азық жинайды, өмірлік рухани нәр алады, бойына эстетикалық сұлулықты қалыптастырады. Адамның бойына өзге тіршілік иесінде жоқ имандылық қасиетті, біреудің ала жібін аттатырмайтын ар-ожданды, айналадағыларды тәнті ететін сұлулықты, жалпыадамзаттық гуманизмді дәріптейтін адамгершілікті қалыптастыратын бұл – әдебиет. Кейбір дамыған елдерде түрмеге түскен қылмыскерді қайта тәрбиелеу үшін де осы әдебиетті оқытады екен.