Ұлы тұлғаның мәңгілік мекені
Ұстаздар күні қарсаңында университетіміздің профессорлық-оқытушылар қауымы Қарағанды қаласының Михайловка елді мекеніндегі зиратта жатқан ұлы тұлға академик Е. А. Бөкетовтің басына барып тағзым етіп, рухына құран бағыштады. Академиктің мәңгілік мекен тапқан орнына гүл шоқтарын қойып, қабір айналасын, барар жолын тазалап, сауапты іс атқарды.