Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің делегациясы Максим Танк атындағы Беларуссия мемлекеттік педагогикалық университетіне арнайы іссапармен барып қайтты

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің делегациясы Максим Танк атындағы Беларуссия мемлекеттік педагогикалық университетіне арнайы іссапармен барып қайтты

Ресми іссапардың тағы бір күні өтті. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Беларуссия мемлекеттік университетімен ынтымақтастық мәселелері төңірегінде бірқатар сұрақтарды талқылап, пікір алмасты.
Екіжақты келіссөзге ҚарУ ректоры Нұрлан Дулатбеков, физика-техникалық факультетінің деканы Асылбек Зейниденов, педагогикалық факультеттің деканы Мирлан Иманбеков, ал БМУ делегациясынан бірінші проректор Дмитрий Медведев, оқу ісі және білім беру инновациясы жөніндегі проректор Оксана Здрок, физика және химия факультеттерінің декандары Михаил Тиванов пен Дмитрий Свиридов қатысты. Кездесу барысында университетімізден аттанған делегация Беларуссия мемлекеттік университетінің бай тарихымен, құрылымымен, ғылыми әлеуетімен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру басты назарға алынып, екі тараптан студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуы, бірігіп публикациялар жариялап, ғылыми-зерттеу жобалары мен іс-шараларды ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтылды. Жақын арада ұсынылған бастамалар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын анықтауда жұмыс жасайтын болады. Кездесу соңында университетіміздің атынан БМУ-дың кітапханасына хәкім Абайдың шығармалар жинағы және Scopus мәліметтер базасына енген ҚарУ-дың ғылыми журналдары тарту етілді.
Қазіргі таңда Қазақстан жоғары оқу орындары мен Беларуссия мемлекеттік университеті арасында 27 келісім жасалған екен. Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық халықаралық іс-шараларға қатысуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, академиялық алмасуды ұйымдастыруға, ғылыми-техникалық жобалар мен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға кеңінен жол ашады.
P.S: ҚарУ физика-техникалық факультетінің деканы Асылбек Қалкенұлы: «Ресми іссапар барысында БМУ-дың физика және заң факультеттерінің оқу-әдістемелік базасымен таныстық. Физика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Михаил Тивановпен физика саласы бойынша ой бөлістік. Жаңа материалдар алу, күн энергетикасы және лазерлік физика саласы бойынша өзара әрекеттесу нұсқалары егжей-тегжейлі талқыланды. Екі факультет арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруға келісім жасалды. Бұл университетіміздің білімі мен ғылымының дамуына зор ықпал етеді», — деп әлеуметтік желіде өз ойымен бөлісті.

Баспасөз қызметі