Мектептің жаңа тынысы
Ақпанның жылымық күндерінің бірінде Қарағанды университетінің «Жастар әлемі» газетінің редакциясы Қарағандының батысында орналасқан Саран шаһарына іссапармен барып қайтты. Шығармашылық ұжым бір күндік жұмыс күнін сонау Кеңестік дәуірдің келбеті сақталған қаланың бірқатар білім беру нысандары мен мәдени орталықтарының тыныс-тірлігімен танысуға арнады.