Ғұмырын ғылымға арнаған ғалым
Қоғамның алтын діңгегі білім мен ғылым десек, осы екі салаға бүкіл саналы ғұмырын арнаған медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры Ғабит Ғабдоллаұлы Мейрамов 1947 жылы Павлодар қаласында орыс тіл білімі профессоры Ғабдолла Әшімұлы Мейрамов пен аға оқытушы Фатиха Галиевна Магдееваның отбасында дүниеге келді.