«Үміт еткен көзімнің нұры – балам!»

«Үміт еткен көзімнің нұры – балам!»

Бүгін тілі тәтті, жүрегі жұмсақ, періштедей пәк, көздің нұры, көңілдің гүлі, адамның бауыр еті – балалардың күні.

Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін айтулы күн кішкентайларға қуаныш сыйлаумен қатар олардың құқығын қорғау күні ретінде де кең көлемде аталып өтіледі. Бұл күнді Түркия елі 23 сәуірде, ал Жапония мен Корея елдері 5 мамырда тойлайды. Тағы айта кетерлік қызық ақпарат, Сейшель аралдарында балалар мейрамы 1 күнмен шектелмей, 1 айға дейін созылады екен.

«Бесіктегі баланың күлгенін көрген – бір мұрат, алдына түсіп ананың жүргенін көрген – бір мұрат» деген. Ата-ана, ата-әже балапандарының әр басқан қадамына қуанады. Балақайлардың бал-бұл жанған жүзін көру олар үшін бір бақыт! Бала жүзінен күлкі кетпесін!

Еркенұр АРИНОВА,

ҚарМУ студенті