Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Бүгін университет Басқармасының отырысында ректор Нұрлан Дулатбеков педагогикалық қызметтегі табыстары үшін филология факультеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Айтбаеваны «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің білім беру сапасының артуына қосқан жеке үлесі үшін алғыс хатымен Қашықтан білім беру орталығының жетекшісі Гаухар Жетимекованы, философия және психология факультеті саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Айгүл Бейсенованы, философия және психология факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, психология кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Бурленованы марапаттады.