Жаңа жылдарыңызбен!

Жаңа жылдарыңызбен!

Қымбатты достар!

Баршаңызды төрімізге енгелі тұрған 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! ХХІ ғасырдың жиырма бірінші Жаңа жылы жақсылық әкелсін.

Жаңа жыл қарсаңында білім ордамызды гүлдендіру жолындағы жасампаз еңбекке жұмылған барша ұжымға университетке деген адалдықтары үшін, барлық бастамаларымыз бен ізгілікті істерімізге шынайы қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіргім келеді.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде әркез жоспарланған ауқымды жұмыстар жүргізіліп, соның арқасында университет жыл сайын рейтингтерде жоғарылап, біздің елде ғана емес, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де беделге ие болуда. Қандай да бір жетістікке қол жеткізсек, оның барлығы ұжымшыл ұстаздар қауымының, қызметкерлеріміз бен студенттеріміздің еселі еңбегінің жемісі.

Келер күнге үлкен үміт артқан халықпыз. Осы жылғы қиыншылықтар ескі жылдың еншісінде қалып, алдағы жылда асқаралы арман-мақсаттар, ізгі тілектер орындалып, жағымды жаңалықтардың жаршысы болайық. Бақ қонып, құт дарыған ырысты, берекелі жыл болғай. Игілікті істер мен тың бастамалар сәтімен орындалып, ырзық-несібеміз арта берсін. 2021 жылы да жоспарларыңыз жүзеге асып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңіз еселеніп, қызметте табысты болыңыздар!

Жаңа жылдарыңызбен!

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КеАҚ
Басқарма төрағасы-ректоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы,
профессор Нұрлан Орынбасарұлы ДУЛАТБЕКОВ