Жаңа 2020 жылдарыңызбен!

Жаңа 2020 жылдарыңызбен!

Қымбатты студенттер, құрметті оқытушылар және қызметкерлер!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2020 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, әркез қолдау танытып, өткен жылға құрылған жоспарларды жүзеге асыруда шынайы қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын.

2019 жыл айтулы оқиғаларға толы жыл болды. Университетіміз жанданып, ғылыми, білім беру және инновациялық қызмет даму үстінде, халықаралық байланыстар кеңейіп, материалдық-техникалық база жақсаруда. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде үнемі жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар атқарылуда, соның нәтижесінде білім ордасы жыл сайын рейтингтерде жоғарылап келеді, Қазақстан Республикасынан тыс жерде де беделге ие болуда. Бұл бүкіл ұжымның күнделікті қажырлы еңбегінің жемісі. Осынау табысқа оқытушылар ұжымының, қызметкерлер мен дарынды студенттердің арқасында қол жеткізіп отырмыз.

Қымбатты әріптестер! Адал еңбектеріңіз үшін, өткен жылы атқарған барлық шаруаларыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздерге сарқылмас шығармашылық күш, мықты денсаулық тілеймін, батыл мақсаттар қоя отырып, қайраттылық танытып, болашаққа нық сеніммен қарап, кәсіби тұрғыдан жетіле түсіп, биіктіктерді бағындырыңыздар, отбасыларыңызда жылулық пен келісім орнасын!

Ғылыми, шығармашылық және спорттық жетістіктерімен университеттің абыройын асқақтатып жүрген студенттерімізді мақтан тұтамыз. Білім мен ғылым жолында ізденіп жүрген жастарымыздың барлық бастамалары мен істеріне сәттілік тілеймін!

2020 жыл үмітіміз ақталатын жыл болсын! Шынайы достығымыз нығайып, сүйіспеншілігіміз артып, отбасымызда жылулық орнасын!

Жаңа жылдарыңызбен!

Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры м.а.,
профессор Е. М. ТАЖБАЕВ