Арман Жорабеков, Жастар саясаты басқармасының төрағасы

Арман Жорабеков, Жастар саясаты басқармасының төрағасы

— Құрметті әріптестер, жалынды жастар! Қарағанды университетінің Жастар саясаты басқармасының атынан сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Жаңа жыл — керемет мереке! Ол әрқашан өзімен бірге жаңа үміттер, мақсаттар мен тілектер ала келеді.

Киелі қарашаңырағымыз Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Профессорлық-оқытушылар құрамының қажырлы еңбегінің арқасында университетіміз білікті, талантты әрі білімді мамандар даярлап келеді. Алдағы уақытта да ісіміз алға басып, ынтымағы жарасқан тату ұжымның еңбек күндері нәтижелі болғай. Баршаңызға күнтізбедегі әр күндеріңіз жақсылыққа толы болсын дейміз. Материалдық әл-ауқат артып, ішкі жан дүниелеріңіз қуанышқа, бақыт пен шаттыққа толсын. Махаббаттарыңыз — адал, достықтарыңыз — берік болсын. Отбасыларыңызға береке-бірлік, жақын және қымбат адамдарыңызға мықты денсаулық тілейміз. 2021 жылы да ең батыл міндеттерді жүзеге асырып, биік белестерді бағындырайық!