Медбике – мерейлі мамандық

Медбике – мерейлі мамандық

Қарағандыда медбикелер дайындайтын колледж студенттеріне «Отандық тарихтағы тұлғалар тағдыры» жайлы бірнеше рет дәріс оқып, пікір алмасу жұмыстарын өткізген күндеріміз де тарих қойнауына кеткен екен… Ақ халатты абзал жандар болуға ұмтылып, білім алып жатқан студенттерге Ұлы дала еліндегі ем жасау, дәрілік шөптердің емдік қасиеті туралы тұщымды жазбалар қалдырған дәрігер-ғалым, заңгер, алаштың азаматы Барлыбек Сырттанов жайлы талай қызықты әңгімелер айтып берген едім. Тұлғалардың тағылымы туралы дәріс тыңдаған сол студенттер бүгінде дәрігер. Олар қазіргі халық денсаулығы үшін күресте өз үлестерін қосқан болар. Оларға амандық тілеймін!

Нұрсахан БЕЙСЕНБЕКОВА,
ҚарМУ жанындағы «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры