Махаббат — әлемді құтқарады

Махаббат — әлемді құтқарады

Кітап — адамның басқа әлемді шарлап қайтуына жол салатын алтын көпір.

Жақында Әзілхан Нұршайықов атамыздың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын оқып бітірдім. Бұл туындыда екі жас арасындағы махаббат баяндалады. Ұлы сезімнің әлемді қаншалықты жаулай алатындығын, шын ғашық адам сүйгені үшін не істей алатындығын оқырмандарына паш етеді. Әдебиет әлемінде махаббат туралы туындылардың көшін бастап тұрған бұл шығарма маған қиындыққа қарсы тұрып, ешқашан берілмеу керектігін үйретті. Нағыз махаббат иелері Ербол мен Меңтайдай сезімге адал болу керектігін түсіндіріп бергендей.

Еркенұр АРИНОВА,
ҚарМУ студенті