Білім күні

Білім күні

Кеше ғана жадыраған жазды қарсы алып, мəз-мейрам болған едік. Бүгін жайдарлы жаз қол бұлғап, қоңыр күз күлімдеп кірді. Күз бір өзі келген жоқ. Білім күнін ерте келді.

Білім күні мен үшін атаулы күн. Бұл күні оқушы атанып, мектеп табалдырығын жүрексіне аттап, алғашқы қоңырау үнін естідім. Бұл күні армандаған жоғары оқу орнына түсіп, студент деген мәртебеге ие болдым. Айтулы мейрам жаңаша жоспарлар құрып, жаңа қадамдар жасап, жаңа міндеттерді орындауыма себепші болды.

Бала күнгі арманымның орындалатындығын кім білген? ҚарМУ — мен армандаған оқу орнытұғын. Түнде түсімнен, күндіз ойымнан кетпейтін. Жоғары балл жинап, өзім қалаған жоғары оқу орнына түсу бақыты бұйырған сәтте арманыма, сүйікті университетіме бір қадам жақындап едім.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – адамгершіліктің мыңжылдық дəні егілген жастық шақтың мəңгілік мекені. Менің университетім – менің мақтанышым!

Гүлжамила АМАНЖОЛОВА,
Қарағанды университетінің студенті